Жарнама
Қоғам

Полицияның сервистік моделі: Атырауда жұмыс тобының отырысы өтті

Атырау облысының әкімнің орынбасары Қайрат Бекеновтың төрағалығымен Полицияның сервистік моделін енгізуді іске асыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өткізілді.

Мақсат — сервистік модель шеңберінде қоғаммен тығыз өзара іс-қимыл жасауға, полиция қызметінің тиімділігі және нақты аумақта тұратын тұрғындардың қауіпсіздігі мәселелерінің басымдылығы туралы халықтың пікірін ескере отырып, қауіпсіздік мәселелерін бірлесіп шешуге бағытталған белсенді жұмыс жоспарын жүзеге асыру.

  • «Полиция қадамдық қолжетімділікте» қағидатын іске асыру шеңберінде, атқарылған жұмыстардың барлығы полицияға сервистік модельді енгізудегі алғашқы қадамдары деуге болады. Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыруда және тұрғындарды толғандыратын мәселелерді түсініп, шешуде Полиция департаменті үнемі есептік кездесулер, азаматтарды қабылдау, аймақтарға бару және ғаламтор желісі арқылы жүргізілген тағы басқа бірқатар іс-шараларды ұйымдастыруда. Ендігі талап — полицияның сервистік модельінің маңызын, азаматтарға полицияның жазалаушы емес, жанашыр орган екендігін жеткізу» — деді, Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов.

Отырыс барысында ішкі істер органдарының құрылымында ерекше орын алатын, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша жұмыстар атқаратын учаскелік полиция инспекторларының жұмысы атап өтілді.

Күн сайын азаматтар ІІО қызметкерлеріне түрлі мәселелер бойынша жүгінеді және оларға бірінші жауап қататын — учаскелік полиция қызметкері. Учаскелік полиция инспекторлары халықпен тығыз қарым-қатынас жасайды және ішінара олардың жұмысқа деген кәсібилілігі ел тұрғындарының құқық қорғау органдарына деген көзқарасын тудырады.
Сервистік модельді іске асыру мақсатында, яғни халықпен нәтижелі жұмыс жасап, өзара тығыз қарым-қатынас орнату жолында облыстың барлық полиция бөлімшелерінде учаскелік полиция инспекторларының Facebook әлеуметтік желісінде парақшалары ашылған және де өз аумақтарындағы тұрғындардың және ПИК-тердің WhatsApp чаттарына да қосылған. Бұл тұрғындардың сауалына дер кезінде жауап беруде және құқық бұзушылықтардың алдын алуда оң нәтиже көрсетуде — деді, Атырау облысы полиция департаменті Жерігілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Әлібек Қайыров.
Бүгінгі таңда облыс көлемінде 232 учаскелік полиция инспекторлары және олардың 72 көмекшілері қызмет етеді. Облыс аумағында 92 учаскелік полиция пункттері қызмет атқаруда, олардың 24 учаскелік пункті тұрғын-үймен біріктірілген.

Отырысқа қатысушылар Полицияның сервистік модельінің маңызы мен тиімділігін жұршылыққа кеңінен насихаттау қажет деп ұсынды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button