Ата Заң күніне арналған концертке Роза Рымбаева бастаған әншілер қатысады

Рисунок1 Жаңалықтар

Бүгінгі күн түрлі ойын-сауық және спорттық шараларға толы. Өйткені, бүгін – Ата Заңымыздың қабылданған күні.

Мерекелік шаралар шымылдығын таңертең байдарка мен каноэдан өткен жарыс ашты. Атырау қаласының әкімдігі ғимаратынын тұсынан мәре сызығын кескен спортшылар Жайық бойымен жүзіп өтті.

Ал, «Мұнайшы» спорт кешенінде каратэ кекушенкай бойынша қалалық біріншілік бастау алды.

Бұл шаралар одан әрі кешкі мерекелік концерттермен де жалғасын табады. Кешкі сағат 19.00-де орталық Исатай-Махамбет алаңында «Келешегі кемел Ата Заң» тақырыбында жергілікті өнерпаздардың қатысуымен гала-концерт өтеді.

Нақ осы алаңда ертең, яғни, 31 тамыз күні Конституция және «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының құрылғанына 95 жыл толу мерейтойының құрметіне арналып, Қазақстан эстрадасының жарық жұлдыздары – Роза Рымбаева, Тамара Асар, Бейбіт Көшқалиев және басқа да әншілердің қатысуымен мерекелік концерт өтпекші.

Рисунок1

Сондай-ақ, бүгін кешке Саламат Мұқашев бульварында да «Айбары асқақ Ата Заң» атты мееркелік бағдарлама қойылады.

Ендеше, барша өңір тұрғындары мен қонақтарын аталған шаралардан қалыс қалмай, Ата Заң күнін мәнді де сәнді етіп, көтеріңкі-көңіл күймен атап-өтуге шақырамыз!

 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз