Жарнама
Қоғам

Өзекті мәселеге – өрелі назар

 Мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің орынбасарларынан соң, аймақтық басқармалар басшылары баспасөз конференцияларын өткізе бастады. Ең алғашқы болып облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Арман Баженов журналистермен жүздесті.

   Арман Сырымұлының мәлімдеуінше, бүгінгі таңда Атырау облысының жер қоры 11863,1 мың гектар аумақты құрайды. Оның ішінде, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер – 2371,9 мың гектар. — Соңғы үш жылда ауыл шаруашылығы жерлерінің 148,6 мың гектарға өскенін көруге болады. Соның ішінде, 2013 жылмен салыстырғанда алдыңғы жылы– 31,2 мың гектарға, ал, былтыр 2014 жылмен салыстырғанда 117,4 мың гектарға артып отыр.

  Биылғы жылдың бес айында ауыл шаруашылығы мақсаты үшін 40,0 мың гектар жер учаскесі табысталды, — деді басқарма басшысы. Ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану мақсатында 2012-2014 жылдар аралығында облыста пайдаланылмай жатырған жерлерді түгендеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде көлемі 100,5 мың гектар болатын 509 жер учаскесі анықталып, 34,9 мың гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылса, 31,5 мың гектар жер игеріле бастады. Сондай-ақ, тұрғын үй салу үшін алынып, пайдаланылмай отырған – 882, кәсіпкерлік үшін берілген 115 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған.

   Қоғам арасында резонанс тудырған заң нормаларына Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев мораторий жариялап, тоқтатылды. Күні бүгінге республикалық комиссия өзінің көшпелі отырыстарын өткізуде, комиссияның отырысы ашық және оған кез келген азаматтың өзінің пікірін білдіре алатындығы жеткізілді. Комиссия отырысында Жер реформасы мәселесі қызу талқылануда, әртүрлі пікірлер, дискуссиялар туындап жатыр және қорытындысында халық игілігіне жарайтын ортақ пікірге келетіндігіне сенімдіміз.

  Қазіргі таңда жер заңнамасын жетілдіру мәселесіне қатысты келіп түскен пікірлер комиссиямен жинақталып, олардың негізінде нақты ұсыныс Қазақстан Республикасы Парламентіне жолданатын болады және ел мүддесіне келтірілетін барлық қауіпті жағдайлар зерделену барысында екенін жеткіземіз. Облыс көлемінде де Қазақстан Республикасы Жер кодексіне енгізілген өзгерістерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша 29 топ құрылды, — деді басқарма басшысы.

   Баяндамадан соң бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері сұрақтарын қойып, жауап алды. — 2013-2014 жылдары Атырау қаласының қолданыстағы Бас жоспары қайта жаңғыртылды. Осы жөнінде толық айтып өтсеңіз. — Бас жоспарға сәйкес, облыс орталығы маңындағы 16 ауыл (Жұмыскер, Балықшы, Рембаза, Ракуша, Ақжайық, Водников, Көкарна, Құрсай, Геолог, Бірлік, Береке (Новокирпичное), Томарлы, Ақсай, Ақжар, Талғайраң, Теңдік разъезі) Атырау қаласының құрамына енеді. Қазіргі уақытта, Бас жоспар Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынылды. Ал, биыл 54 ауылдың Бас жоспарлары әзірленіп жатыр.

— Адамдарға берілетін жер қай елді мекендерден бөлінеді?

— Тұрғын үй құрылысы үшін Талғайраң, Дамбы, Зарослый, Жаңаталап ауылдарынан жерлер беріліп жатыр. — Жер сұрап, конкурсқа қатысуға ниет білдірген кәсіпкерлер көп ретте құжаттарды рәсімдеуге бір-екі жылдай уақыт жүретіндерін, диплом, өмірбаян, бизнес-жоспармен қоса, тіпті еңбек кітапшасына дейін сұрайтындарын айтады.

Бұл қаншалықты заңды?

— Конкурс тек ауыл шаруашылығы жерлеріне өткізіледі. Бұл орайда, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің конкурстарды ұйымдастыру және олардың ережелерін бекіту туралы бұйрығы бар. Сол құжатта конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі белгіленген. Жерді тиімді пайдалану, жеңімпазды анықтау мақсатында ауыл шаруашылығына қатысы бар адамдардың тәжірибесі ескеріледі.

— Биыл жылдың соңына дейін Атырау қаласы бойынша 2300 жер телімін беру жоспарланып отыр екен.

Сонда қай жылдардағы арыз берушілердің сұранысын қанағаттандырылмақ?

— Жыл соңына дейін 1998-2003 жылдары арызданған адамдарға жер беріледі. 2016 жылы ауыл шаруашылығы мақсатына жер сұрап 127 өтініш тіркелген (Құрманғазы, Жылыой, Қызылқоға аудандарында сұраныс көп). Сонымен қатар, облыста 54 мың га жер дайын, конкурсқа шығаруға жоспарланып отыр. Облыс бойынша 2016 жылғы 1 маусымға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға кезекке тұрғандар саны 81551 адамды құрады, оның ішінде, тек Атырау қаласы бойынша 73 мыңға жуық арыз тіркелген. Ағымдағы жылдың 5 айында 641 адамға жер бөлінген, соның ішінде Атырау қаласынан бөлінгені – 450 жер учаскесі. Жылдың соңына дейін Атырау қаласы бойынша, қала маңындағы ауылдардан 2300 жер телімін бөлу жоспарланып отыр.

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button