Жарнама
Қоғам

Қоян етін жеуге бола ма?

Шариғатымыз бойынша қоян еті желінетін әрі мұсылмандарға халал етілген жануарлардан.

--oyan

Имам Бухари және Муслимнің жеткізген хадисінде: «Әнәс ибн Мәлик қоян аулап алады да Әбу Талхаға береді. Ол қоянды сойып, оның етінен Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) деп, арнайы сан етін жамбасымен бірге апарып береді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оны қабылдады» делінеді.

Мухаммед ибн Сафуаннан риуаят етілген хадисте: «Екі қоян ұстап алып, өткір таспен сойдым. Сосын пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) қоян етінің желініп-желінбейтіндігі жайлы сұраған едім, жей беруімізді бұйырды» дейді.

Әйгілі ғұлама имам ән-Нәуәуи: «Абдулла ибн Амр ибн әл-Ас және Ибн Әби Ләйлә қоян етін мәкруһ/жағымсыз санады. Басқа ғұламалардың баршасы қоян етін таза әрі адал деген көзқарастарын білдірген. Атап айтсақ имам Мәлик, Әбу Ханифа, Шәфиғи, Ахмед ибн Хәнбәл т.б.» дейді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button