ШҰҒЫЛ: Атырауда жоғалған 11 адам қызық жағдайда табылды…

220509201424947e Қоғам

Атырау облысында хабар-ошарсыз кеткен 11 адам аман-есен табылды.

«8 мамырда күні сағат 14:00-ден «УАЗ» маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен 10 жолаушы Исатай ауданының орталығы – Аққыстау ауылынан 160 шақырым қашықта орналасқан аталған учаскеге жету үшін жолға шыққан. Алайда, ауа-райының қолайсыздығына байланысты Махамбет ауданына баруды көздеп, жолдан адасып кеткен.

Ал, 9 мамырда сағат 10:50-де Исатай ауданында бір күн бұрын хабар-ошарсыз кеткен 11 адамды іздестіру іс-шарасы жүргізілді. Жоғалған адамдарды іздестіру жұмыстарына Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері мен жол талғамайтын «ТРЭКОЛ» техникасы тартылды. Іздестіру іс-шарасына Исатай аудандық полиция бөлімінің 1 қызметкері қосылды. Бір күн бұрын хабар-ошарсыз кеткен 11 адам бүгін, 9 мамырда жергілікті уақытпен сағат 14:50-де Исатай ауданының орталығы – Аққыстау ауылынан шамамен 85 шақырым қашықтықта орналасқан Жасқайрат елді мекенінен аман-есен табылды. Табылған адамдардың денсаулығында кінәрат жоқ. Олар алғашқы медициналық көмекке жүгінуді қажет деп таппады» делінген департаменттің қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз