Жарнама
Қоғам

«ӨТКЕННІҢ САБАҒЫ ҰРПАҚ ҮШІН ҚАЖЕТ»

Салтанатты рәсім Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы №5546 әскери бөлімінің үрмелі оркестрінің орындауындағы Мемлекеттік Әнұранмен басталды. Ұлы Отан соғысының және ауған, тәжік-ауған соғыстарының  қалалық, облыстық ардагерлер кеңестері, әскери бөлімшелер, қорғаныс істері жөніндегі қалалық департамент пен облыстық басқарма, №2016 әскери бөлімі, жауынгерлердің отбасылары мен туыстары майданда шейіт болған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Осыдан кейін облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан сөз алды. «Бұл қантөгістерде кеңес әскерлері, оның ішінде қазақстандық азаматтар да ел тыныштығы, аймақ амандығы үшін жанын берді. Соғыстың аяқталғаны үлкен мереке болып тойланды. Бүгін – сол майдан даласында қалған жауынгерлерді еске алатын күн. Елбасының сарабдал саясатымен Қазақстан бүкіл әлемге бейбітшілік үлгісін көрсетуде. Қазір Атырау жерінен аттанып, ұрыс даласынан оралмаған ерлердің аты-жөнін тасқа қашап, ұрпаққа мәңгілік аманаттау мақсатында ескерткіш тақта орнату жұмыстары жүруде. Ауған соғысы жауынгерлеріне де тағзым ретінде үлкен ескерткіш тұрғызу жоспарлануда. Мұның бәрі ұрпақ алдында тыныштық отын өшірмеу үшін жасалып жатқан дүние» деді ол.  

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасының бас қолбасшысы полковник Мұрат Нұғыманов жауынгерлердің бәрі де ерен ерлік көрсетіп, берген антына адал болғандарын жеткізді. Шараның соңы Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында концерттік бағдарламамен жалғасты. Өз кезегінде қала әкімі Нұрлыбек Ожаев та жылы лебізін білдіріп, ауған соғысы ардагерлеріне төсбелгі табыстап, ықылас гүлін ұсынды.    

Амандық АБДОЛОВ.

Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button