Жарнама
Қоғам

ОТАНДЫҚ ӨНІМГЕ – ӨРКЕНДІ ӨРІС

 

— Елімізде кәсіпкерлерді қолдау тетіктері жетілдіріліп, соның нәтижесінде өңір кәсіпкерлері мемлекеттік қолдауларға ие болуда. Мұны аймағымызда сәтті жүзеге асып келетін шағын және орта бизнесті дамытуға арналған «Жұмыспен қамту – 2020», «Бизнестің жол картасы – 2020», «Агробизнес – 2020» секілді бағдарламаларынан анық көруге болады. Ал, бүгін өндірушілер мен жеке балабақшалар арасында меморандумға қол қойылды. Бұл әрбір қазақстандықтың отандық тауар өндірушілердің дамуына қосқан үлесі деп білеміз, — деді қала әкімі Нұрлыбек Ожаев.

Жиын барысында, алдымен, «Атаба», «Лидер», «Анвар», «Рамстор», «Мұрат» супермаркеттері мен жергілікті тауар өндірушілер арасында серіктестік меморандумына қол қойылды. Айта кетсек, жалпы әкімдік пен супермаркеттер арасында бұған дейін де келісімдер болған. Жыл сайын келіссөздер жүргізіліп, келісім-шарттарға қол қойылуда. Дегенмен де, шаһар басшысы өз сөзінде осы бағытта кедергілер де жоқ еместігін жасырмады. 

— Мәселен, «Идеал» супермаркеті жеке кәсіпкер Жұмағалиевтің тауарын ешбір делдалсыз тікелей пайдалану орнына базардан сатып алып отыр. Сол сияқты, тауар өндірушілер мен ірі компаниялар арасында да қиыншылықтар бар. Яғни, кәсіпкер  тауарын ірі компанияларға ұсына алмайды. Сондықтан, бүгін осындай қиындықтарды болдырмау мақсатында қолайлы жағдай туындап отыр, — деген қала әкімі осыған мысал ретінде бүгінгі кездесуге «Анвар», «Лидер», «Атаба», «Рамстор», «Мұрат» супермаркеттері келісім-шартқа қол қоюға арнайы шақырылғандығын жет-кізді.

Отандық өндірушілермен келісімге келген жеке балабақшалардың қатарында «Балшуақ» балабақшасы да бар. Жиырма жылдай уақыт бойы Атырау мұнай өңдеу зауытына қарасты болған аталмыш балабақша өткен жылдан бері жеке меншікке ауысты.   

Қала әкімдігі ұйымдастырған жиналыста жергілікті өнім өндірушілері өз өнімдерін таныстырды. Соның нәтижесінде, «Балшуақ» балабақшасы «Алмалы құс» ЖШС өнімдеріне қызығушылық білдірді.

— «Алмалы құс» ЖШС тәулігіне 50 мың дана жұмыртқа шығарады. Бүгінгі таңда қала әкімдігінің қолдауымен облыс орталығындағы бірқатар балабақшалар  мен оқу орындарына өз өнімімізді жеткізуге келісімге келудеміз. Нарық бағасынан төмен және жоғары сапалы өнімді балабақшалар мен оқу орындарына уақытылы жеткізіп тұруды өз міндетімізге аламыз, — дейді серіктестік директоры Шыңғыс Нақпаев.

Айгүл СОЦИАЛҚЫЗЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button