“Өнегелі ана – ізетті қыз”
Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткен облыстық аналар мен қыздар слеті осылай деп аталды.
Облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов алғашқы құттықтау сөзінде аяулы аналар мен қыз-келіншектертің әлеуметтік рөлі мен мәртебесіне жіті тоқталды.
Облыстық аналар кеңесінің жетекшісі Злиха Дүйсекенова бастаған модераторлар аналардың рухани-зияткерлік дамуы, ана мен бала саулығы, көп балалы отбасы, қыз тәрбиесі және басқа да өзекті мәселелер аясында баяндамалар оқыды.
Сондай-ақ, білікті психологтар Бұлбұл Мусралина және Резеда Баймұхаметова “Әйел және әлем”, “Отбасындағы жанжалсыз қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері” тақырыптарында кеңінен талқылау жүргізді.
Жиын барысында Аналар кеңесінің төрайымдары ұлт тәрбиесіндегі тынымсыз еңбектері үшін облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Еркеназ ҚАЛИЖАН