Жарнама
Қоғам

Облыстың бас имамы тұрғындарды сабырлыққа үндеді

Облыстың бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы өңірде жарияланған табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимінде атыраулықтарды үрейге бой алдырмай, күш біріктіруге шақырды. Уақытша келген сынақ кезінде жұдырықтай жұмылып, жағадағы бөгет жұмыстарына атсалысуға үндеді.

–Құрметті жамағат! Облысымызға төніп тұрған қауіптің алдын алуға шақырамын! Осыған дейін суға кетіп қалған қаншама ауылдарымызды көрдіңіздер, мұншалықты үлкен көлемде болады деп күтпедік. Сондықтан осындай қиын-қыстау кезде алауыздықтың етегінде кетіп, бір-бірімізді жағадан алудың ешкімге пайдасы жоқ. Жанымыздағы жақындарды ойлап, дәл қазір тасқын судан қорғанудың амалына кірісейік. Ертеңгі күні су тасып жатса бір-бірімізге көмектесуге дайын болайық. Кімде қандай мүмкіндік бар: қапшық, техника, қолғап, күрек әкеліп, күш біріктіріп жұмысқа кірісейік! Бастысы адамдар аман болсын, мал, дүние-мүлік өз орнымен толады. Небір сындарлы уақыттан бірлікпен, ынтымақпен өтуге шақырамын, — деді А.Ұтысханұлы.
Малика ТӘКЕЖАНОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button