Нұрсаяда екі жасар бала терезеден құлап кетті
16 мамырда Атырауда екі жасар бала Нұрсая ықшамауданындағы көпқабатты үйдің екінші қабатының терезесінен құлап кеткен, деп хабарлайды azh.kz сайты.
Облыстық балалар ауруханасы хабарлағандай, бала оларға сағат 17:30-да түскен, бас сүйегінің екі жағы да сынғаны анықталған. Пациенттің жағдайы өте ауыр.
Мұндай жағдайлар тұрақты орын алып отыр. Мәселен, былтыр Атырауда бес кішкентай бала терезеден құлап, екеуі көз жұмса, қалғандары өмір бойына бақытсыздық әкелген ауыр жарақаттар алған. Ата-аналар, қырағы болыңыз, пластик терезеге блоктайтын құлып салу қиын ба?
Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.
Фото: ашық дереккөздерден