pph8tn5slkekortm3wub770kjgldj0 1

Жастар резерві – жаңа жоба

Қоғам

Atr.kz/19 қараша, 2019 жыл. Президенттік кадрлық жастар резерві еліміздің тәуелсіздік жылдары жастар үшін қолға алынған «Болашақ» бағдарламаларының қатарында ең маңызды жобалардың бірі болады деп сенемін.

Және де осындай жоба жастар жылы қарсаңында қолға алынғаны қуантады.Ата-бабамыздың табаны тимеген жерге, жастарымыздың қаламы тиеді деп есептейміз. Қазақта «Алмас қылыш қынабында жатпайды» деген қанатты сөз бар. Жетістікке жетем деген адамға қазіргі таңда кедергі жоқ. Оған дәлел, осы жоба деп есептеймін.

Ел ішінде көзге көрінбей жүрген жастар тиісті органдарға қызметке отырып, өзінің білігі мен белсенділігін дәлелдеуге үлкен бір мүмкіндік. Және де бұл жастарға ғана емес, Үкіметіміз үшін де даму мен даңғыл жолға түсуіне ықпал етеді деп есептеймін.

Өйткені қай салада болсын мықты кадрлар жетіспейді. Қай салада болсын бірінші барлығын шешетін кадрлар екені сөзсіз. Сол үшін бұл Президенттік кадр резервінің қажеттілігі зор деп сенеміз!

Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ,

кәсіпкер

img 20191119 wa0003

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған