Ниджат Рахимов – үшінші орында
Ашхабадта ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтуде. Ерлер арасында 73 келі салмақта 2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, 2015 жылғы әлем чемпионы Ниджат Рахимов сынға түсті.
Атыраулық спортшы жұлқа көтеру жаттығуын 147 келімен бастап, бұл салмақты екінші мүмкіндігінде ғана бағындыра алды. Үшінші мүмкіндігінде 152 келіні бағындыруға бел буған еді, алайда, бұл әрекеті сәтсіз болды. Қорытындысында ол 13-ші нәтижеге тұрақтады.
Ал, серпе көтеру сынында бірден 185 келіні бағындырып, екінші мүмкіндігінде алғашқы салмаққа 5 келі қосып көтерді. Бірақ, үшінші мүмкіндігінен бас тартты. Дей-тұрғанмен, осы көрсеткішімен-ақ ол жекелей серпе көтеру жаттығуында үшінші орынға тұрақтап, чемпионаттың «кіші қола» медалін иемденді.
Осылайша, ауыр атлетшіміз қос жаттығу қорытындысы бо-йынша 337 келіні бағындырып, жалпы есепте сегізінші орыннан көрінді.