Қоғам
НЕСИЕНІҢ «ЖЫРЫ» – ОТБАСЫМНЫҢ МҰҢЫ
Інім үйленетін болған кезде, мен ғана мұғалімдік қызметте тұрақты жасағандықтан, несие алғанмын. Өзі азғантай табысымды сығымдап жұмсап, жартысын несиеге беремін. Енді міне, өзім де жанұялы болып, өз теңімді таптым. Еріме несие туралы бірден айттым. Ол «ештеңе етпес, төлейміз ғой» деген. Алғашқы сәтте екеуміздің табысымыз жалдамалы пәтерге де, несиені өтеуге де жетіп тұрды. Енді бала күтіміне байланысты демалысқа шыққаным сол еді, күйеуім қинала бастады.
Ауылда қалған ата-анамның азын-аулақ зейнетақысы оны төлеуге жетпейді, інім болса шиеттей баласын асырап, уақытша жұмыстар жасап жүр. Мен тіпті не істерімді білмей дал болудамын. Үй ішінде не әңгіме айтылса да соңы несиенің «жырымен» бітеді. Ал, оны әлі жыл жарым уақыт төлеуім керек…
Жазира,
Құлсары қаласы,
Жылыой ауданы.