Жарнама
Қоғам

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: КОНКУРС!

 Қойылатын талаптар:

1. Шығарма көлемі А-4 парағымен үш беттен аспауы тиіс және компьютерде теріліп, редакцияға электронды пошта арқылы жіберілуі керек.

2. Қолжазбамен жазылған шығармалар қабылданбайды.

3. Шығарманы іріктеу кезінде оның тіліне, мазмұнына, жазылу стиліне, көтерген мәселесіне және кейіпкер бейнесінің шынайы ашылуына айрықша назар аударылады.

4. Шығармада еліміздің 25 жылда жеткен жетістіктері осы бағыттағы Елбасының сындарлы саясатының жүзеге асуы, жаңа жобалар, жарқын бастамалар, т.б. нақты мысалдар арқылы көрсетілуіне көңіл бөлінеді.

5. Үміткер конкурсқа «Атырау» газетіне бір жылға толық жазылған түбіртегінің (квитанция) көшірмесін міндетті түрде жолдауы тиіс.

Конкурстың байрағы:

Бас жүлдеге ие болған шығармаға – 100 (жүз) мың теңге, екінші орын алған шығармаға 75 (жетпіс бес) мың теңге, үшінші орын алған шығармаға 50 (елу) мың теңге байрақ беріледі.

Сонымен қатар, әрқайсысы 25 (жиырма бес) мың теңгеден үш көтермелеу сыйлығы бар.

Редакцияға түскен барлық шығармаға журналистер ғана емес, облысымыздағы белгілі жазушылар, публицистер, қоғам қайраткерлері қазылық жасайды. Жүлде алған шығармалар газетте жарияланып, авторы суретімен, өмірбаянымен оқырмандарға кеңінен таныстырылады.

Ендеше, барша оқырманды конкурсқа қатысуға шақырамыз!

Облыстық «Атырау» газетінің редакция алқасы.

Алдан СМАЙЫЛ, мемлекет және қоғам қайраткері:

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button