«Атырау» облыстық футбол командасы» сатылымға шығарылады

IMG 20170421 WA0026 Жаңалықтар

Атырау аймағында қандай мекемелер сатылымға шығарылды? Бұл сұраққа бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихаты барысында Атырау облысы Қаржы басқармасы басшысының орынбасары Серік Демегенов жауап берді. 

IMG-20170421-WA0026

«Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес, Атырау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен Атырау облыстық геотехникалық орталығы сатылды. «Мұнайшы» стадионын алушы табылмады» деп атап өтті ол.

1406538945_280714-159e58

Спикердің айтуынша, биылдың өзінде 12 ұйым сатылымға шығарылғалы отыр. Ол  мекемелердің қатарында «Атырау» спорттың су түрлері бойынша клубы, «Атырау бас жоспары», «Құрманғазы жолдары», «Тұрмыс қызмет», «Атырау облыстық волейбол командасы» ЖШС, «Атырау» спорт кешені КМК, «Атырау барыстары спорттық ойын түрлері бойынша облыстық командасы», «Ұлттық спорт түрлерінің Атырау облыстық клубы» КМҚК, «Атырау» облыстық футбол командасы» және «Арнаулы автобаза» серіктестігі бар.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз