Жарнама
Қоғам

Нұрболатта – күміс, Наурызбекте – қола

Астанада өткен қазақша күрестен Азия біріншілігінде атыраулық спортшылар Нұрболат Ізімғалиев күміс, ал, Наурызбек Майлашев қола жүлдеге қол жеткізді. 

Нұрболатта – күміс, Наурызбекте – қола

Оған 11 елден барлығы 77 балуан сегіз салмақ дәрежесінде бақ сынады. Арасында Жапония, Шри-Ланка, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан,   Моңғолия, Иран, Пәкістан, Қырғызстан мен Үндістан мемлекеттерінен келген спортшылар да бар.

Сайыста елімізден бөлек, Грузия, Өзбекстан, Литва және Украинадан 16 төреші қазылық жасады. Ел намысын қолдан бермеген Нұрболат 66 килода күш сынасты. Ал, Наурызбек 74 килода боз кілемге шықты.

«Қазақ күресі ұлттық спорт түрі ғана емес, ЮНЕСКО-ның материалды емес мұралар тізіміне кіреді. Жыл сайын осы спорт түрінен бірнеше халықаралық және республикалық жарыстар өтеді. Соның бірі былтыр өткен әлем чемпионатына 40 елден 160 балуан қатысты», — дейді ұйымдастырушылар.

Амандық Абдол

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button