Атырауда газбен жүретін автобустар қызмет көрсетпек

65964423 845441829171635 7113157739932549120 n Жаңалықтар

Қалада 170 автобус жағармай құю бекетінің құрылысын күтіп тұр…

Автобус паркінің басшысы Қуантай Қалманның айтуынша, автобустар көктемнен бері қаңырап бос тұр. Өйткені, олар газометанмен ғана жүреді. Оларға арналған арнайы бекет салынады деп жоспарланған екен.

«Өкінішке орай, жауапты мердігер мекеме сөзінде тұрмады. Ақыры, бұл істі өз күшімізбен атқарып жатырмыз. Бекет құрылысы бітуге таяп қалды. Енді кәсіби монтаждаушы мамандарды күтіп отырмыз» дейді ол.

Айта кетейік, аталған автобустар желтоқсан айынан қалмай жолға шығады деп күтілуде.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз