Жарнама
Қоғам

«МЫҢ БАЛА»

 

Аталған жоба барлық қатысушылардың мәдени және тілдік ортаға толығымен ұйысуына мүмкіндік береді. Атап айтсақ, мемлекеттік тілде фильмдер мен мультфильмдер көреді, шығармашылық жобалар қорғайды, театрландырылған қойылымдар көрсетеді, конкурстар мен сайыстарға қатысады.

Тілдерді жеделдете оқытудың «Тілдарын» әдістемесі бойынша «Сиқырлы қалам» инновациялық әдістемелік кешенінің және басқа да озық тіл үйрету құралдарының көмегімен түрлі этностық топтардың балаларына мемлекеттік тілді үйрететін жоба ағымдағы жылдың ақпан айында басталған болатын, енді жыл соңына дейін жалғасады.

Жоба бағдарламасына «Тілдарын» әдістемесі бойынша қазақ тілін үйретудің авторлық курстары, 2015 жылдың атаулы күндеріне арналған мектеп оқушылары мен студент жастар арасында қазақ тілінде өтетін шығармашылық жобалар конкурсы, шешендік өнерді дамыту тренингі, демалыспен ұштастырылған ұлттық және спорттық ойындар, конкурстар мен викториналар, Қазақстан халқының бірлігіне арналған эссе, өлеңдер мен тақпақтар жазу бойынша байқаулар ұйымдастыру шаралары кіреді.

Жоба туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде ақпарат тарату көзделген. Қазақстан халқы Ассамблеясының www.assembly.kz ресми сайтында арнайы бет жұмыс істейді. Онда «Мың бала» жобасының жаңалықтары, оқытушыларымен, қатысушыларымен, әріптестермен жүргізілген сұхбаттар орналастырылады.

Жобаны іске асыру нәтижесінде «Мың бала – татулық тірегі!» атты деректі фильм шығарылмақ. Сонымен қатар, 1000 мектеп оқушысы – қазақ тілінде еркін сөйлейтіндердің және мемлекеттік тілді үйретуді насихаттайтын еріктілердің қатарында болады, «Қазақстан – менің елім!» жобасына қатысушылардың шығармашылық жұмыстарының жинағы жарияланады.

Айнагүл ЖҰМАҒАЗИЕВА,

облыстық білім беру басқармасының

 бас маманы. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button