Ала жаздай ән салсаң

screenshot 23 Қоғам

ЕҢ ІРІ КӨМІР БАССЕЙНІМЕН ӘЛЕМГЕ ТАНЫЛҒАН ЕКІБАСТҰЗДЫ БИЫЛҒЫ ҚЫС СЫНАП ТҰР. ӨТКЕН ҚАРАШАНЫҢ БЕТ ШЫМШИТЫН АЯЗДЫ КҮНДЕРІ ЖЫЛУ ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫНДА АПАТ БОЛЫП, ҚАЛА ЖЫЛУСЫЗ ҚАЛДЫ.

АЙДЫҢ-КҮННІҢ АМАНЫНДА БҮРСЕҢ ҚАҚҚАН ТҰРҒЫНДАР «ТОҢАЗЫТҚЫШПӘТЕРЛЕРДІ» ПАНАЛАУҒА МӘЖБҮР БОЛДЫ. ҚАЗІР ХАЛЫҚТЫҢ МҰЗДАЙ БАТАРЕЯЛАРДЫҢ «БОЙЫНА «ҚАН ЖҮГІРІП», ҮЙ ЖЫЛЫНСА» ДЕГЕН БІР ҒАНА ТІЛЕГІ БАР. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЖАРИЯЛАНҒАН ӨҢІРГЕ ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ БАРЫП , АХУАЛМЕН ТАНЫСТЫ ҚАЛАДА АРНАЙЫ ЖЕДЕЛ ШТАБ ҚҰРЫЛЫП, АПАТТЫҢ САЛДАРЫН ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР. АЛ, АҚПАРАТ АГЕНТТІКТЕРДІҢ БҮГІНГІ ТАРАТҚАН МӘЛІМЕТІНДЕ КӨП ҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРГЕ ЖЫЛУ БЕРІЛІП ЖАТҚАНДЫҒЫ ТУРАЛЫ АЙТЫЛҒАН. ДЕСЕК ТЕ, БҮКІЛ ЕЛ НАЗАРЫНДАҒЫ ОҚИҒА КӨПШІЛІККЕ САБАҚ БОЛА АЛДЫ МА?

«ҚЫСТЫҢ ҚАМЫН ЖАЗ ОЙЛА!»

Мұнай мен газдың «үстінде отырған» батыс аймақтарды айтпағанда еліміздің бірнеше өңірі қысқы маусымда көмірді пайдаланады. Осыдан оншақты жыл бұрын мұнайлы өлкенің жеке үй иелері де салқындық түсісімен тонналап көмір іздеудің қамына кірісетін. Қазір бұл күндер өткен шақтың еншісінде қалды. Бүгінде Атырау өңірі «көгілдір отынның» қызығын көріп отыр. Ал, Екібастұз қаласы маңында шамамен 10 млрд. тоннадай ірі көмір алқабы қоры бар екен. Алайда, осындай мол қазба байлықтың үстінде отырған қала қыста қалайша жылусыз қалды? «Ала жаздай əн салған» жауапты тұлғалардың салғырттығының зардабын неге қарапайым халық тартуы тиіс? «Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды» демекші,

Екібастұздағы əбден тозығы жеткен жылу желілерінің апаттың аз-ақ алдында тұрғаны қыркүйек айындағы Үкімет отырысында айтылған болатын. Энергетика министрі Болат Ақшолақов тұрғындар негізінен осы проблемаға қатысты көбірек шағым түсіргенін баяндаған еді. Жылу желілерінің барлығы дерлік күрделі жөндеуді қажет еткен. Ал е скірген жылыту қазандықтары «сыр» беріп, соңы апаттық жағдайға əкелді. Ал, оның зардабын азайту үшін қомақты қаражат керек екендігі белгілі. Яғни, бұл жерде тағы бір мəселе туындайды: ол – елдегі жылу тарифінің төмендігі.

Экономист-сарапшы Абзал Нарымбетовтың пікірінше , коммуналдық кəсіпорындардың мемлекет алдындағы жауапкершілігін арттыру қажет. Оны, заң жүзінде бекітетін кез келді.

– Жылу жүйесіндегі тарифтер ғана емес, бізде жанармай бағасы да дүниежүзі елдерімен салыстырғанда арзандау. Себебі, табиғи ресурстардың қымбатшылығын ха лықтың жағдайы көтермейді. Бұл – рас. Бірақ, жүйелі түрде оны көтерудің с ебебі бар. Егер кəсіпорын толықтай мемлекетке қайтарылса, ол қосымша күш болуы мүмкін. Сондықтан, меніңше мұндай нысандарды бизнеске беріп, тарифті көтеріп, жұмыс істейтін болса, халықтың да қалтасына ауыр соқпайтын жолдарын іздеуі тиіс. Екіншіден, кəсіп ие сіне қаражат бөлінген сəтте оны екіүш жылда тиімді жұмсауын талап етуді заң жүзінде нақтылау керек. Осы жағы əлі бізде реттелмеген. Айталық, өрт болса, оның алдын алу жолдары болады. Сол сияқты егер жылу жүйелерінің тоқсан пайызға жуығы тозғанын біле тұра оған көз жұма қараса, əрине, апат болады. «Қыстың қамын жаз ойла» деген мəтел осындайда айтылса керек, – дейді сарапшы.

Оның айтуынша, Екібастұз – Қазақстанның электр энергиясының 30 пайызын шығаратын стратегиялық аймақ бола тұра, жүйелерінің əбден е скіруі – ақылға қонымсыз жағдай

– Жуырда қоғам а «Екібастұздың жылусыз қалуына кім кінəлі? Үкімет пе, жергілікті əкімдік пе, əлде жылу жүйелерін иемденген олигарх па?» деген мəселелер көтерілді. Сайып келгенде, оның нақты жауабы болмады. Əрине, көпшілік бизнесменді кінəлайды. Алайда, бұл – стратегиялық нысан ғой. Демек, жылу электр орталығынан қаланың 100 пайыз халқы жылу алып отырғаннан кейін мемлекет бақылауы қажет. Шығыны көп кəсіпорынды кəсіпкер қалай дамытып, ескірген желілерді қай қаржысына ауыстырады? – дейді сарапшы.

ЖЕЛІЛЕР ҚАШАН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ?

Павлодар облысы əкімінің міндетін уақытша атқарушы Олег Крук Екібастұздағы үйлердің жертөлесіне түгел жылу берілгенін хабарлады. Əзірге екібастұздық жас өрендер онлайн білім алуға мəжбүр.

 – Қазір барлық үйдің жылу торабына , жер төлесіне жылу берілді. Ауқымды жұмыс жасалды. Ғимараттар арасындағы желілер мен жылу тораптары қалпына келтірілді. Қазір пəтерлер арасындағы құбырлар мен жылу батареяларын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Өкінішке қарай, кейбір үйлердің пəтер иелері кооперативтері желіден су ағызған кезде дұрыс істемеген. Соның салдарынан аталған үйлерде жылу батареялары мен пəтерлер арасындағы магистраль құбырларды көптеп ауыстыруға тура келіп отыр. Өйткені, желі қатып қалған, – деді əкімдік өкілі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында. Бүгінде қалада тұрғындар үшін 14 жылыту пункті жұмыс істейді. Еріктілер де, түрлі қоғамдық ұйым өкілдері де екібастұздықтарға қиынқыстау кезеңде қол ұштарын созып, мүмкіндіктеріне қарай жəрдемдесіп жатыр.

БІЗДЕГІ АХУАЛ ҚАНДАЙ?

Иə, істен шыққан желілердің те зірек қа лпына келтірілгенін қалағанымызбен, ескі жылу жүйелерін қайта қосу оңай шаруа емес. Жоғары температурада жұмыс істейтін нысандағы жылыту қазандықтарына, түрлі реакциялар жүретін орынға екінің бірі жақындай алмайды. Осыдан бірнеше жыл бұрын Атырау жылу электр орталығында болған баспасөз-туры кезінде кəсіпорын қызметімен таныса жүріп істің күрделілігін байқаған едік.

Бүгінде Атырау жылу электр орталығының қуаты 474 МВт электр жəне 798 Гкал/сағ жылу энергиясын өндіруге жетеді екен. Мамандардың айтуынша, орталықта 11 турбоагрерат, 14 жылу қазандығы жəне бір газтурбиналы қондырғы істеп тұр. Сондайақ, кəсіпорында сағатына 103 Гкал өндіретін үш фин жылу қазандығы бар. Кəсіпорын қысқы маусымда жылумен толықтай қамтамасыз ету үшін барлық күштік қондырғы мен агрегаттарға жөндеу жұмыстарын жүргізіп отырады. Осы мақсатта биыл Атырау жылу электр орталығында №2, №9 жəне №11 жылу агрегаттары, сонымен қатар №9 турбоагрегаты толық күрделі жөндеуден өткен, № 5 турбоагрегаттың орындалысы – 79 пайыз

. Бұл жұмыстар желтоқсан айының соңында аяқталуы тиіс. Ал, 2021-2024 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама аясында Атырау ЖЭО-да қуаты 130 Мвт жаңа турбоагрегатты ауыстыру жəне орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, №13 жəне №6 турбоагрегаттарын ауыстыру жұмыстары қолға алынған.

Атап айту керек, Атырау жылу электр орталығының негізгі отын түрі – табиғи газ. Бірақ, бетін əрмен қылсын, апаттық жағдайда ғана мазут пайдаланылатын көрінеді. Бүгінде кəсіпорында 3 819,7 тонна көлемінде апаттық отын қоры бар.

Р.S: РАС, «АПАТ АЙТЫП КЕЛМЕЙДІ». БІРАҚ, КЕМШІЛІКТЕР МЕН КЕЛЕҢСІЗДІКТЕРДІ БІЛІП ТҰРЫП, ОНЫ ЕЛЕУСІЗ ҚАЛДЫРУ ДҰРЫС ЕМЕС. ЖАҚЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ БОЛАШАҚ ШАҒЫНАУДАНЫНДАҒЫ 46 ҮЙДІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ЖЫЛУДЫҢ ДҰРЫС БЕРІЛМЕЙТІНДІГІНЕ ШАҒЫМДАНҒАН ЕДІ. КҮНДІЗ ҚАН ЖЫЛЫМ БОЛЫП ТҰРАТЫН БАТАРЕЯЛАР ТҮНДЕГІ САЛҚЫНДЫҚТЫ МҮЛДЕ «КӨТЕРЕ» АЛМАЙДЫ ЕКЕН. ДЕСЕК ТЕ, ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМДІК БОЛАШАҚ ШАҒЫНАУДАНЫНДА ЖЫЛЫТУ ҚҰРЫЛҒЫСЫ ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰРҒАНЫН ХАБАРЛАДЫ. АЛ, ПӘТЕРІШІЛІК АҚАУДЫ РЕТТЕУ ПИК-КЕ ТАПСЫРЫЛҒАН. БІРАҚ, ПИК-ТІҢ БҰЛ МӘСЕЛЕНІ ШЕШУГЕ ҚАУҚАРЫ ЖЕТЕР ЕМЕС…

Айбөпе САБЫРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз