Жарнама
Қоғам

Мүмкіндігі шектеулі балалар байқауда топ жарды

Атырау қаласындағы №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында қызмет алушы мүгедектігі бар балалар “NURAY ART FECT” бейнелеу өнері конкурсына қатысып, жүлделі орындар алды. Осыған орай, балаларға қолдау көрсету мақсатында “Ашық есік” күні мен “Алғысымыз шексіз” концерттік бағдарламасы өтті.

fc45b44a d5f1 45be b67d 1cca3b89faaa

Орталық директоры Анар Каюпова: — Қазір орталықта 110 қызмет алушы бар. Бұл балаларға әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық, медициналық, т.б бағытта қызмет көрсетіледі. Күндізгі стационарда 20 бала бар, олардың көбі жетім балалар. Орталықта 143 қызметкер еңбек етеді. Білікті дәрігерлердің саны әлі де жетіспейді. Үкімет тарапынан балаларға қажетті барлық жағдай жасалуда. Облыс бойынша өткен аталмыш конкурста диагноздары өте ауыр балдырғандарымыз топ жарғанына көңіліміз марқайып тұр, — деді.

a12bc701 dd33 48ca bcea b74d8a9ceeab

“ҮмітНореНадежда” жеке қорының ұйымдастыруымен өткен байқауда жеңіс тұғырынан көрінген Айбар Смағұлов, Азиза Мерекеева, Аружан Болат, Ақерке Қуанышбекова, Әсемай Рысжан, Самат Шамханов, Нариман Дүйсалиев, Нұрдәулет Аманғали арнайы дипломдармен марапатталды. Сайысқа дайындаған ұстаздары да құрметтен шет қалмады. Қызмет алушы балалар әсем ән шырқап, би билеп, түрлі аспаптарда ойнап көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button