Жарнама
Қоғам

«МЕН ҚАЗАҚТЫҢ НЕМІСІМІН»

 

— Әдетте мұндай сұраққа әдемі сөздермен әспеттелген жауап күтіп жатамыз ғой. Менің ойымша, өмірдің мәні отбасымен тікелей байланысты. Және біз қай жерде, қандай қызметте жүрсек те өз ісімізге жауапкершілікпен қарай білуіміз қажет деп ойлаймын. Бұл жерде «отбасы» ұғымының өзін жан-жақты алып қарастыруға болатын сияқты. Біреулер үшін отбасы ұдайы жанында жүрген үш адам болып табылса, енді біреу үшін «отбасы» ұғымына екі жүз елу мың тұрғыны бар Атырау қаласы сыйып тұр. Үшінші біреу үшін Қазақстан деп аталатын алып мемлекет отбасы бола алады. Сондықтан, «отбасы үшін адал тер төгу» деген тіркестің артында үлкен философия жатыр.

— Депутат ретінде өз-өзіңізге есеп бересіз бе? Ел игілігі үшін не тындырдым деп ойлайсыз? Нендей процестердің бел ортасында жүрдіңіз? Қандай істердің атқарылуына атсалыстыңыз?

Тәуелсіз мемлекетпен бірге түлеген мәслихат институтының кеңестік кезеңнен көп айырмашылығы бар екенін атап өткім келеді. Ол кезде депутаттар таптық белгілеріне қарай таңдалып алынатын еді. Бүгінде депутаттар партиялық тізім бойынша сайланады. Және олардың ішінде сан түрлі мамандық иелері, өз ісінің хас шеберлері бар. Бастысы, интеллектуалдық деңгейі жоғары бұл азаматтар өз саласының проблемасын жетік біледі. Сондықтан, білімді, жоғары білікті азаматтармен әріптес болғанымды мақтан тұтатынымды айтқым келеді.

 — Сын садағына көп жағдайда шенеуніктермен бірге, депутаттар да ілініп жатады. Сіз көп сыналасыз ба? Жалпы, сынды қалай қабылдайсыз?

— Сан түрлі адам бар жерде сан түрлі мінез болатыны секілді, пікірлердің ала-құла болуы да қалыпты жағдай. Рас, кейде бізді жерден алып, жерге салып жатады. Бұл керек. «Сын түзелмей, мін түзелмес» демекші, сын бізді жігерлендіреді, жаңа қадамдарға бастайды. Осы жерде әлеуметтік желілердің әсері, ықпалы туралы көбірек тоқталғым келеді. ­Өйткені, көп жағдайда проблемалар туралы әлеуметтік желілерден құлағдар болып  отырамыз. Сондықтан, облыстық, қалалық әкімдіктердегі жоғары лауазымды шенеуніктердің де әлеуметтік желілерде отыратыны мені қуантады. Өйткені, олар халық көтеретін, халықты мазалайтын проблемаларды көреді, тікелей танысады. Кейде бір ай бұрын әлеуметтік желілерде талқыланған мәселелерді атқарушы билік қолға алып, олардың шешімін тапқан сәттерге куә болып жатамыз. Еріксіз қуанасың. Сондықтан, сын болуы керек. Сын болған жерде қоғам дамиды.

— Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының ерекшелігі неде? Осы орайда, өзіңіз жетекшілік ететін «Видергебурт» мәдени орталығының қызметіне тоқталып өтсеңіз. Әлеуметтік маңызды саналатын нендей жобалар жүзеге асырылды? 

 — Қазақстан халқы Ассамблеясы небары жиырма жылдың ішінде өзінің пайдалы, әрі қажетті дүние екендігін көрсетті. Кейде белгілі бір жағдайларға жүз, екі жүз жылдан кейін баға беріп, саралап жататын сәттер болады ғой.  Ғажабы сол,  Ассамблеяның тиімділігін сезіну үшін бізге жиырма жылдың өзі жеткілікті болды. Бірегей құрылым Қазақстанда ұлтаралық қатынастарда еш проблеманың жоқ екендігін көрсетті. Мұның өзі үлкен жетістік. Өйткені, ұлтаралық қатынастарға сызат түскен әлем елдерінің қақтығыстардан көз ашпай, қиын жағдайға ұшырағандығына куә болып отырмыз. Бір ғана араб елдерін мысалға алатын болсақ, қаншама адам көз жұмды, жапа шекті. Ол елдердің экономикасы ондаған, тіпті, жүздеген жылдарға кейінге кетіп қалды. Сондықтан, бізге барымызды бағалай білу, бірлігімізден  ажырамау маңызды.

«Видергебурт» неміс этномәдени бірлестігінің жұмысына келетін болсақ, жиырма жылдан бері біз Қазақстан мен Германия арасында бірлескен жобаны жүзеге асырып келеміз. Бірлескен жоба халықты әлеуметтік жағынан қорғаудың еуропалық үлгісін табысты енгізуімізге жол ашты. Нәтижесінде Атырауда әлеуметтік қызметкерлер пайда болды. Олар мұқтаж жандарға тұрмыстық қолдау көрсетумен ғана шектелмей, азаматтарды компьютерлік сауат ашуға баулуда. Зейнеткерлерді әлеуметтік қорғау мақсатында оларды сауықтыру орындарына жолдамамен орналастыру үлгісі енгізілді. Меніңше, бұл үлкен нәтиже.

—  Германияға қаншалықты жиі барып тұрасыз? Тарихи Отанға біржола оралу туралы ойлар бола ма?

Таңдау құқығы бар адамды оның іс-әрекеттері арқылы бағалайды. Өз басым ширек ғасыр бұрын мәңгілікке таңдау жасаған адаммын. Әрине, жас ұлғайған сайын туған елге оралу туралы ойлар болады. Бұл табиғи құбылыс та болар. Оның үстіне, Германияда этникалық отандастарын тарихи мекеніне көшіріп, орналастыру бағдарламасы табысты жүзеге асырылып келеді. Бірақ, Қазақстан жүрегімнің түкпірінен айрықша орын алған Отан болып қала береді.

Германияда  жиі боламын деп айта алмаймын. Кейде жылына екі мәрте баратын жағдайлар болады. Ондағы достарыңмен, жора-жолдастарыңмен кездесудің өзі бір ғанибет қой. Жергілікті немістер мен Қазақстаннан көшіп барған немістердің арасы жер мен көктей екенін әділдік үшін атап өту парыз сияқты. Немістер табиғатынан тұйық халық қой. Олар өзінің отбасы үшін ғана өмір сүреді. Ал, қазақтар үшін барша ағайын-туыс, көрші-қолаң, жора-жолдасқа дейін ыстық болып тұрады ғой. Германияға барғанда біздер қазақылыққа салынып, ағайындарды, жора-жолдастарды жиі жинап, белгілі бір оқиға, жаңалықтарды тойлап отырамыз. Сол кезде жергілікті немістер «бұл қалай?» деп таңданып жатады. Сондықтан, қазақтардың дархандығы бойыма сіңгенін өз басым мақтан тұтамын. Тағы бір атап өтерлік жайт, Германияға көшіп кеткен қазақстандық немістердің дастарханынан бүгінде қазақтың асы арылмайтын болды. Және олар Қазақстанды, қазақ халқының қонақжайлылығын, дархандығын үлкен сағынышпен, сүйіспеншілікпен еске алып, әңгімелеп отырады. Мен үшін бұдан асқан мақтаныш жоқ та сияқты. Себебі, мен қазақтың бүкіл болмысын бойына сіңірген неміспін, турасын айтсам қазақтың немісімін.

Әңгімелескен

Баян АТАЙМАНҚЫЗЫ.

 

Үш жылдан соң, санитарлық эпидемиологиялық салада еңбек еткеніме қырық жыл толады екен. Мені қуантатыны,  тәуелсіздік жылдарында отандық медицина үлкен табыстарға қол жеткізді. Бір ғана кардиология саласын алып қарайтын болсақ, Атырауда бүгінде жүрекке ота жасау жаңалық болмай қалды. Заманауи құрал-жабдықтар, мамандардың біліктілігін көтеру мәселелері кеңінен шешімін тапты. Ендігі жерде біз кадр тапшылығын болдырмау мәселесін қарастыруға тиіспіз. Атыраудың өзінде екі жүзден астам дәрігер жетіспейді. Мамандарды шақырумен қатар, оларды тұрақтандыру да күн тәртібіндегі өзекті мәселе.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button