Мектеп оқушылары ауған соғысының ардагерлерімен кездесті

IMG 20190126 WA0023 Қоғам

Кеңес жауынгерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай, Атыраудағы №34 көп салалы мектеп-гимназиясында ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті.

Мектеп басшысы Орынгул Қуандықова ашқан кешке ауған соғысы ардагерлері Жаңабай Сариев, Асқар Сүлейменов, Сәлімгерей  Жаруллин және  «Елсана» руханият клубының өкілі  Майра Қожырақова  қатысты.

IMG-20190126-WA0023

Жас буынды ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында өткен іс-шара барысында ауған соғысының ардагерлері бастан өткен қиын кезең туралы әңгімелеп, естеліктермен бөлісті.

Кеш барысында Атырау қалалық №5 кітапхана меңгерушісі Гүлбаршын Маева  «Біз – интернацоналистпіз» атты кітап көрмесімен таныстырып, библиографиялық шолу жасады. Айта кетелік, кездесуді мектептің тарих және география пәні бірлестігі мен кітапхана кеңесі ұйымдастырды.

 

Жұмагүл ОРЫНБАСАРОВА,

Атырау қалалық №34 көп салалы мектеп-гимназиясының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз