Атырауда 13 мыңнан астам бұралқы ит пен мысық ауланды

35464 Жаңалықтар

Бұралқы иттер мен мысықтарды аулап жоюға жергілікті бюджеттен 40 515 000 теңге қаржы бөлінді, деп хабарлайды ATPress.kz.

Атырау облысы ветеринария басқармасының басшысы Азамат Айтқалиев Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында мәлімдегендей, осы жылы 13 279 бұралқы ит пен мысық ауланды. Ол үшін жергілікті бюджеттен 40 515 000 (қырық миллион бес жүз он бес мың) теңге қаржы бөлінді.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдармен құрылған 8 ветеринариялық станса және 68 ветеринариялық пункт жұмыс жасайды. Жеке ғимаратпен қамтамасыз етілген 3 ветеринариялық станса және 1 ветеринариялық пункт бар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз