Жарнама
Қоғам

«МЕДИКЕРДЕГІ» КЕЗДЕСУ

Кездесуде «Медикер» медициналық орталығы ЖШС-нің директоры Айбек Ғабдуллин сырқат жандарға көрсетіліп отырған тегін медициналық көмекке тоқталды, шетелдік заманауи қондырғыларды таныстырды. Оның айтуынша, орталықтағы гемотологиялық кабинет, жапондық жаңа құрылғы қан құрамын әп-сәтте 100 пайыз анықтауға мүмкіндік беретін көрінеді. Германдық рентген аппараты да науқастың жағдайына сараптаманы сол сәтінде жасайды екен. Сырқаттарға емделуге барлық жағдай туғызылған. Ішкі органдарға тексеру жасайтын қондырғылар заман талабына сай, әйгілі шетелдік компаниялардан шығарылған.

Партия Доктринасына сәйкес, әр азаматқа туғаннан дені сау, білімді болуға мүмкіндік беретін әлеуметтік және басқа да игіліктер кепілді, әрі тең тұрғыда қолжетімді болуы тиіс. «Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасы барша қазақстандық балалар мықты, әрі табысты тұлға болып өсуін мақсат етеді. Бақытты балалық – дені сау дамушы қоғамды қалыптастырудың айнымас шарты. Жүздесу барысында көзіміз осыған жетті.

Гүлзада РАХМЕТҚЫЗЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button