МАМАНДЫҒЫНА МІНЕЗІ САЙ
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, жүрегі сыр беріп, көңілі күпті келетін сырқат жандарға кардиолог дәрігер Жанна Балгереева шын жанашыр бола білді. Жас та болса, білікті, жайлы дәрігер бәрімізге өзінің жылы сөзімен де, жайдары мінезімен де ем бергендей еді.
Кейде біз дәрігерлер атына айтылып жататын сын-ескертпелерді жиі естиміз. Адамдармен сөйлесе білмейтін, сөзі төбеден түскендей дәрігерлер аз болса да кездесетіні рас. Сондайда Жанна секілді мамандығына мінезі сай жандарды көргенде, еріксіз ішің жылып сала береді. «Шіркін, дәрігер атаулының бәрі Жаннадай болса ғой!» деп армандап кетеміз. Жүрегі ауырып келгендерге өзінің жүрегінің жылуын аямаған Жаннаның дені сау, өмірі ұзақ, еңбегі жемісті бола берсін деп тілейміз.
Сатыбай ЫСҚАҚҰЛЫ, зейнеткер, Махамбет ауданы.