Жарнама
Қоғам

МАЛШЫ МИНИСТРМЕН СӨЙЛЕСЕДІ

— Бұл қызметті пайдалану үшін не істеу қажет? — деген сауалымызға Халыққа қызмет көрсету орталығы аудандық бөлімінің инспекторы Самғат Бекенаев былай дейді:

— Алдымен порталда авторластыруды (порталға бірінші рет кірсеңіз тіркелуді) жүзеге асырыңыз. Сервистің бетіндегі «Онлайн қызметке тапсырыс» түймешесін басып, өзіңізге қажетті  органды таңдайсыз, оның бірінші басшысының  жұмыс кестесімен танысасыз. Бұдан кейін бейнеконференция байланысын өткізу үшін  келуге ыңғайлы  Халыққа қызмет көрсету орталығын, басшының қалайтын күнін, өзіңіздің байланыс деректеріңізді көрсетіп, қабылдауға жазыласыз. Бұл мемлекеттік қызметтің басты мақсаты – мемлекетіміздің  әлеуетін жақсарту жолында  халықтың белсенділігін арттыру және жоғары сатыдағы мемлекет басшыларына қарапайым ауыл тұрғындарының қолжетімділігін кеңейту болып табылады. Осы қызмет түрі туралы толық ақпарат алу үшін Бірыңғай байланыс орталығындағы «1414» телефонына хабарласуға болады. Халыққа қызмет көрсету орталығы аудандық бөліміне қазірдің өзінде  жергілікті тұрғындардан көптеген өтініш түскен. 

Мағрупа ҚАЗИХАН,

Қызылқоға ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button