Жарнама
Қоғам

МАҚСАТЫМЫЗ АЙҚЫН

 

Ұлықтау рәсімінде Елбасымыз Қазақстан таңдаған жол және мемлекетіміздің бұған дейінгі кездескен қиындықтарды еңсеру тәжірибесі туралы тоқталып, еліміздің дамуын арттыра түсетін бес реформа жайында айтты. Ал, реформаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру мемлекеттік органдардың, бизнес секторы мен азаматтық қоғамның іс-әрекеттерін үйлестіріп, оны жоғары деңгейге көтеретін болады.

Елбасымыз «Біз қысқа мерзімде өте көп жұмыс атқардық. Бүгінде Қазақстан – Орталық Азиядағы экономикалық көшбасшы. Бірақ тоқтауға болмайды. Реформалар ұлттық экономиканы білімге негізделген озық экономикаға айналдырады», — деп атап өтіп, әрбір қазақстандықтың біліктілігін, кәсіптік деңгейін көтеріп ел мақсаты үшін еңбек етуіне толықтай мүмкіндік барын көрсетті. Алдағы 10-15 жылға арналған осы міндетті орындау үшін тек Үкімет, мемлекеттік органдар ғана емес, бүкіл халық атсалысуымыз қажет.

Сан түрлі ұлттар мен ұлыстардан тұратын Қазақстан бірауыздан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевты қолдап, қайта сайлағанын бүкіл әлем көрді. Бұл біздің бірлігіміздің, ауызбіршілігіміздің айқын көрінісі. Сан алуан болғанымызбен дәм-тұзымыз жарасып, түсіністікте өмір сүруіміз елімізді әлемге мықты мемлекет ретінде танытып отыр. Ендігі мақсатымыз осы ұстанған айқын бағыттарымыз арқылы озық 30 елдің қатарына ену.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button