Жарнама
Қоғам

МҰРАПТЫҚ ТА – МҰРАТ

Дегенмен, мамандығым бойынша жұмыс табыла қоймады. Сөйтіп, Атырау қаласында үш жылдай күзетші болып жұмыс атқардым. Әрине, күнделікті жалақы жүріп тұрады, тыныш жұмыс. Бірақ, қайткенде де қалаған саланың маманы атанып, біліктілігімді арттырғанды қаладым. Былтырғы мамыр айында Құрманғазы аудандық жұмыспен қамту орталығына келіп тіркеліп, ол жерден аудан орталығындағы №3 кәсіптік лицейге «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы «су қондырғысының операторы» мамандығын оқуға жұмсады. Менімен бірге, жиырмаға тарта жас қыз-жігіттер де бірге жүрді. Олардың қай-қайсысы да қазіргі күні екі қолға бір күрек тауып, өмірге кірпіш болып қаланғанына сенімдімін. Бітірген соң «Тұрмыстық қызмет» кәсіпорнына қарасты Ганюшкин селолық таза су қондырғысы ғимаратына тұрақты жұмысқа орналастым. Болашақта сырттай оқып, жоғары білім алсам ба деген ойым бар. Жұмысым өзіме ұнайды және жастардың күш-жігерін, білімін елінің дамуына жұмсауы үшін үлкен мүмкіндіктер ұсынып отырған мемлекеттік бағдарламаның келешегіне кәміл сенемін.
Нарық заманының заңы – қатал. Әркім өз күнін өзі көруі тиіс. Ел үкіметі соған қарамастан жұмыссыздықтың алдын алу, азаматтарды еңбекке орналастыру мақсатында батыл қадамдарды жүзеге асырып отыр. Біз оның барлығын тиімді пайдалануымыз керек деп ойлаймын. Өз келешегіміз — өз қолымызда.

Аслан МӘМБЕТОВ,
Ганюшкин селосы,
Құрманғазы ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button