Жарнама
Қоғам

«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» – ҚАСИЕТТІ АТАУ

 

Ұлы дала елі мерейтойы Елордамыз Астана қаласының төрінде дүбірлеп тойланды. Бұл тойды өз көзіммен көру, Тәуелсіздік сарайында Елбасы Н.Назарбаевтың тарихи сөзін тыңдау бақыты маған да бұйырды. Мерекені тойлау үшін облыстан аттанған ресми делегация құрамында болған менің санамда Елбасының жиында сөйлеген әр сөзі жатталып қалды.

Елбасы тарихқа тереңнен үңіліп, халқымыз талай ауыр кезеңдерді бастан өткеріп, «тар жол тайғақ кешкенін» айтып, осы Ұлы жолдағы ұлы тұлғаларға лайықты бағасын берді. Бұл жолдың бізге қандай жауапкершілік жүктей-тінін, алдағы кезде де бейбіт өмірді бастан өткеру үшін біздің бүгінгі ұрпаққа қандай салмақ артылатынын айтты. Тәуелсіз еліміздің Ұлы Дала деп аталатын сипатын нақты дәлелдеді, сол арқылы бүкіл әлемдегі «Аспанасты елі», «Қызғалдақтар елі», «Таңғы шапақ елі», «Күншығыс елі» сияқты бейнелі тіркестердің қатарына қосып, «Ұлы Дала елі» деген еліміздің бейнелі жаңа атауын әлем халқына жария етті.

Енді мұны әлем халықтарының санасына орнықтыру үшін жылдар бойы жүйелі жұмыс істеп, еліміздің тағылымды тарихын таныту – әрбір Ұлы Дала перзентінің борышы.

Қазіргі таңда мемлекетіміз көркейіп, еліміз даму кезеңдерін бастан өткеріп жатыр. Осыған орай, халқымыз осы бақытты күндерді бағалап, алдағы жасампаз күндерге ұмтыла береді деп біз кәміл сенеміз.  

Жайдарбек ЗАЙДУЛЛИН,

Ш.Сариев атындағы облыстық көркемсурет

және қолданбалы-сәндік өнер мұражайының директоры.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button