Митрополит Томаш, Католик шіркеуінің архиеспикопы (Астана): «БАТЫС ПЕН ШЫҒЫСТЫ ЖАҚЫНДАТУ ТЕТІГІ»

Қазақстанда осымен бесінші мәрте ұйымдастырылып отырған съезд көтерілген мәселелер ауқымы, деңгейі жағынан жыл санап кеңейгенін көрсетті. Және де кезекті құрылтай барлық дәстүрлі діндер, конфессия өкілдерінің бұл съезді дінаралық диалогты қалыптастыруда, Батыс пен Шығысты жақындастыруда маңызды қадам деп санайтындарын дәлелдеді.

Бастапқыда съезге күмәнмен қарағандар болды. Уақыт мұның түрлі дін өкілдерін бір жерге жинақтау жиналысы емес, керісінше, әлемде орын алып жатқан түрлі проблемаларға жаһандық дін және саясат қайраткерлерінің бірлесе отырып, атсалысуына негіз болатын маңызды іс-шараға айналғандығын көрсетті.  

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз