Жарнама
Қоғам

«ҰЛТ БІРЛІГІ – ДОСТЫҚ КЕПІЛІ»

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өткен тақырыптық — экспозициялық көрмеде әртүрлі ұлт өкілдерінің тыныс-тіршілігі, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарынан хабардар ететін этножәдігерлер қойылып, тың ақпараттар ұсынылды. Сонымен қатар көрме қонақтары әр ұлттың қолөнер бұйымдары мен ұлттық киімдерін, кітаптары мен фотосуреттерді тамашалап, ұлтымыз бен діни сенімге қарамастан барлығымызды біріктіретін қоғамдағы тұрақтылық пен келісім қағидаларынан хабардар болды. Өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған көрмеге 59 дана жәдігер қойылды.

Самал МОЛДАШЕВА,
облыстық тарихи-өлкетану мұражайының этнография және өлке табиғаты бөлімінің меңгерушісі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button