ЛЕПЕСТІҢ ЕҢБЕГІ КӨП ЕЛГЕ СІҢІРГЕН
Сондай асыл азаматтардың бірі Лепес еді. Оның еңбегін индерліктер жақсы біледі. Атыраулық дәрігер Ғазиз Қаламұлы оны мақаласында орынды атап көрсетіпті де. Аудан дәрігерлерінің біліктілігі сондай – ол кезде алыс-жақыннан ауырған сырқатына шипа іздеп Индерге ағылатын еді. Индерліктер Құрақ, Сағынгерей, Жақсығали сияқты үздік дәрігерлердің еңбектерін ешқашан да ұмытқан емес.
Сол кезде медициналық құрал-жабдықтар қазіргідей мол болмаса да, дәрігерлердің адамды көңілмен де емдейтін қасиеттеріне сөз жетпейді. Солардың бәрінің жұмысын ұйымдастырып, емдеу қызметтерінің білгірі, басшы, әрі өнерпаз, аңшы, сал-сері Лепестің еңбегін есте қалдыру – бүгінгілердің парызы. Сондықтан, мақаладағы ұсынысты қолдауға шақырамын.
Жағыпар МЕҢДІКЕНОВ,
Бөдене ауылының тұрғыны,
Индер ауданы.