ҚЫТАЙ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ
Тараптар мемлекеттік этносаясат саласындағы екі жақты қатынастарды дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты. www.assembly.kz сайтының хабарлауынша, кездесу барысында Қытай тарапынан қоғамдық келісім мен ел бірлігінің қазақстандық моделі таныстырылды. Қоғамдық институттың құрылу тарихына кеңінен тоқталған Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов шетел қонақтарын Ассамблеяның конституциялық мәртебесі, оның міндеттері, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту бойынша атқарылып отырған жұмысы туралы баяндады.
Қытай делегациясының басшысы Ван Чжэнвэй Қазақстанның этносаралық келісімді қамтамасыз етудегі оң тәжірибесін атап өтіп, бейбітшілік және келісім саясаты тәжірибесін жоғары бағалайтынын жеткізді.
Кездесуге Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Ахмадиев, Зухра Саяпова, Орталық Азия аймағындағы этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының меңгерушісі Айгүл Сәдуақасова, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралар қауымдастығының төрағасы Анатолий Башмаков, Астана қаласы мәслихатының депутаты Шакир Хахазов қатысты.
Өз тілшіміз.