«Командир болу – арманым еді»

whatsapp image 2021 05 07 at 18.57.19 Қоғам

Кең байтақ еліміздің шекарасы шегендеулі. Мемлекеттің тыныштығын шекарашылар күзетіп тұр. Оның бұзылмауын қамтамасыз етуші әскерилердің қатарында жерлестеріміздебар.Солардыңбірі–Ұлттыққауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қостанай облысы бойын- ша департаментінің бөлім басшысы, полковник Нұртай Сахиев. 

Отан қорғаушылар күні қарсаңында «Atyraý» газетінің тілшісіне мұнайлы өңірден түлеп ұшқан шенді азаматқа бірер сұрақ қоюдың сәті түсті. 

– Атырау өңірі – менің туған жерім. Қызылқоға ауданындағы Жасқайрат ауылында дүниеге келдім. Әкем Тынышбай ауданға белгілі есепші болды. Анам Ғайша мектепте ұстаздық етті. Көп ба- лалы отбасында тәрбиелендік. Қатарластарым секілді мен де құмға аунап өстім. Алаңсыз, асыр салып ойнайтын кезімізді жиі еске аламын. Туған жер адам жанына өте ыстық. Сол себепті ауылымды үнемі сағынып жүремін. 

– Шекаралық қызметке қалай келдіңіз? Әлде бұл бала кезгі арманыңыз ба еді? 

– Баланың қиялы қашан да ұшқыр келеді ғой. Кішкентайымда елді қорғайтын жауынгер болуды армандайтынмын. Кейде түсімде өзімді қалың қолды бастап бара жатқан қолбасшы бейнесінде көретінмін. Сол кездегі арман есейгенде мені алға жетелеп, 1994 жылы Алматы қаласындағы ҰҚК-нің Әскери институтына әкелді. Жоғарғы білім алған соң қызметімді Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім ауданында бастадым. Табиғаты әсем өлкеде Қытаймен арадағы шекараны күзеттім. Екі жылдан соң Атырау облысы Құрманғазы ауданында жасақталған шекара бекетінде қызметімді жалғастырдым. Сол жерден Ресейдің астанасы Мәскеу қаласына әскери Академияға оқуға аттанған жайым бар. 

Оқудан соңғы қызметім Шығыс Қазақстан облысындағы Үржар, Батыс Қазақстандағы Жәнібек аудандарында жалғасты. Үш жыл Қызылорда облысымен шектесетін қазақ–өзбек шекарасындағы тыныштықты бақыладым. Павлодар өлкесінде Ресеймен арадағы шекараны қорғадық. Бүгін міне, Қостанайдамын. Байқағаныңыздай әскерилер бір жерде көп тұрақтамайды. 

– Нұреке, сіздің ұғымыңызда шекарашы қандай болуы керек? Бұл қызметке кез-келген адам бара ала ма? 

– Шекарашы сарбаздың ең басты міндеті – Отанды қорғау. Ал «шекара» деген басқа көрші мемлекеттермен тұспа-тұс келетін белгіленген жер. Сарбаздар басқа елден біреулердің рұқсатсыз өтпеуін қадағалайды. Олар шын мәнінде көз ілместен, кірпік қақпастан күні-түні шекараны күзетеді. Күннің батуы шекарада жұмыс күнінің бітуін білдірмейді. Керісінше, төңіректі қырағы көзден сақтау жүйесі күшейтіле түседі. Кез келген уақытта дабыл қағылуы мүмкін. Сондықтан бес қарудың сай болуы шекарашы- лар үшін маңызды. Шекарашы сақ болса, елінің ұйқысы ты- ныш, күлкісі жарқын. Мұнда уақыт санаулы. Темірдей әскери тәртіпке нағыз ер азамат шыдай- ды. Бұл жерде «істей алмаймын», «қаламаймын» деген сөздер ай- тылмайды. «Тәртіпке бағынған құл болмайды» демекші, бұйрық талқыланбайды, тек мүлтіксіз орындалады. Осы талаптарға шыдағандар ғана шекарашы болмақ. 

– Қостанай өңірі өзге этностардың өкілдері көп қоныстанған аймақ екенін білеміз. Ол жердегі халықтың ұлттық салт-дәстүрді сақтауы қалай? 

– Иә, солтүстік өңірде біздің батыстағыдай қазақтың исі аңқып тұрмайтыны рас. Дегенмен, бұл аймақта да дәстүрі мен салтына берік Торғай, Арқалық, Наурызым, Қарасу тәрізді қазақшылықтың 

қалыбы сақталған, қаймағы бұзылмаған аудандар бар. Оларда той жасау, құда түсу, қыз ұзату жоралғылары өте керемет өтеді. Өзіндік үйлесімді өзгешеліктері жетерлік. 

– «Туған жердің қадірін шет- те жүрсең білерсің» дегендей елді сағынатын шығарсыз? 

– Әрине, туып-өскен өлкесін сағынбайтын жан бола ма? Менің де кейде ойша туған жерімді аралап кететін кездерім кездеседі. Жалпы, сағыныш де- ген Жаратушы сыйлаған керемет сезім. Отбасымда балаларыма туған жерде өткізген қызықты сәттерімді үнемі айтып отыра- мын. Онымен қоса, жыл сайын еңбек демалысымды отбасым- мен бірге сонда өткіземін. Бала- шағам Атырауымның жусанын иіскеп қайтады. Ільяс, Нұрсұлтан, Думан атты ұлдарымның кіндік қаны Атырау топырағында тамған. Жолдасымның күні жақындағанда әдейі елге жіберетін әдетім бар. Содан олар туған жерімде дүниеге келді. Осылайша, өзіміз шетте жүрсек те ұлдарым мұнайлы өңірдің азаматы атан- ды. Ханшайым атты қызым ғана Қостанайда дүние есігін ашты. 

– Мынауыңыз туған жер- ге шынайы берілгендіктің озық үлгісі екен. Ендеше, аман болыңыз. Отан қорғау жолындағы, ел тыныштығын күзетудегі еңбегіңіз жемісті, мерекеңіз құтты болсын. Әңгімеңізге рахмет. 

Мұратбек ЖАҢАБАЙ 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. дидар

    менде дал сондай командир болуды калаймын