Жарнама
Қоғам

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІҢ ҚЫРАҒЫ КҮЗЕТШІСІ

Әскери бөлімге көптеген міндеттер жүктелген, оның ішіндегі ең маңыздыларының бірі — Атырау қаласындағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау. Ағымдағы жылда жеке құрам қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша 210 шара, сонымен қатар, 22 қоғамдық жаппай іс-шара орындады. Жауынгерлік қызметті атқару кезінде 735 қоғамдық тәртіпті бұзушы; 58 қылмысқа күдікті адамдар ұсталып, ішкі істер органына жеткізілді.
Жақында Атырау қаласы Водников кентінде орналасқан Қазақстан Республикасы ІІМ «Батыс» Өңірлік қолбасшылығының 5546 әскери бөлімінде Атырау қаласының әкімі Серік Айдарбеков болып, әскери қызметшілермен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Серік Кенғанұлы әскери бөлім объектілерін, казармалық жайларын, сарбаз асханасын аралап, әскери қызметті атқару шарттарымен, әскери орта тарихымен және дәстүрімен танысты. Әскери қызметшілердің тілектерін, шешімін күткен проблемалық мәселелерді тыңдады.
Қала әкімі бөлім қолбасшылығына орналасу шарттарын жетілдіргені, жоғарғы дағдысы және әскери қызметшілердің дайындығы, түрлі жағдайлар пайда болған кезде бөлімнің жеке құрамын үнемі жауынгерлік әзірлікте ұстағаны үшін алғыс білдірді.

Қ.ОРАЗ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button