КЕМЕЛ КЕЛЕШЕККЕ ҚАДАМ

Тәуелсіздігін алғаннан бергі ширек ғасырға жуық уақыттың ішінде Қазақстан Республикасы бүкіл мемлекеттік құрылымын толықтай орнықтырып, толыққанды біртұтас ұлт ретінде қалыптасты.

 

Соның ішінде, Президент жанынан кеңесші-консультативтік орган ретінде құрылған Қазақстан халқы Асасамблеясы еліміздегі көп ұлт пен ұлысты бір үлкен шаңырақтың астына ұйыстырып, бұрынғыдан да тығыз топтастырып, берік достастыруға ұйытқы болғаны аян. Сондай-ақ, кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жөніндегі бастамаға  мұрындық болып, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың осынау маңызды саяси додаға түсіп, бағын сынап көруіне бірден-бір себепші болған да осы ұйым екені мәлім.

Міне, сол ұсынысты ел-жұрт болып қолдап, ауызбіршілік танытудың, дұрыс таңдау жасаудың нәтижесінде елі сенген Елбасы айқын жеңіске жетіп, тағы да халқының үмітін ақтады. Бірінші мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында қайтадан сайланған Мемлекет басшысының салтанатты түрде қызметіне кірісу-ұлықтау рәсіміндегі сөзін ұйып тыңдадым. Ел ордасы – Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында өткен бұл шараға мен де қатынасып, өмірдегі қайталанбас тамаша сәттің куәсі болдым.

Сол рәсімде сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Әбішұлы мемлекеттің алдында тұрған бес нақты бағдарламалық міндетті атады. Президент жанынан жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия құрылады. Оның құрамына Қазақстандағы ең мықты саясаттанушылар, сарапшылар, ғалымдар мен олардың шетелдік әріптестері тартылды. Елімізде дамудың ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарын жасақтау міндеттелді. Аталған жоспардың 100 нақты қадам ретінде белгіленіп отырғандығы да – құптарлық жайт.

Сайып келгенде, реформалық жолмен дамып келе жатқан Қазақстанның болашағы жарқын, әрі дәулетті елдердің қатарына қосылатындығы күмәнсіз. Тегінде, бағыты айқын кеменің желі оңынан тұрады  осы болса керек.

 

Нәсіпқали СӘМЕНОВ,

Махамбет аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Елбасын ұлықтау

рәсіміне қатысушы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз