Жарнама
Қоғам

ҚАЗАҚТА «АУАНИ» ДЕГЕН СӨЗ БАР МА?

Талқылауға аталған министрліктің мемлекеттік тілді дамыту және аударма басқармасының басшысы Алуа Тілеуханова, басқарма сарапшысы Айман Нұрмұхамедова еліміздегі бірнеше сөздіктерді жасауға атсалысқан қоғам қайраткері Мәди Айымбетов қатысты.

Отырыста заң саласына байланысты оннан аса терминнің қабылдануы ортаға түсіп, барлық облыстардағы әділет департаменттері, тіл басқармасы, БАҚ өкілдері тікелей байланыс арқылы пікірлерін білдіріп, дұрыс деп тапқан нұсқаларына қолдау білдірді. Соның ішінде, виртуальды, мобильдік, критерий, имидж, динамикалық деген шет тілінен енген сөздерді мүмкіндігінше сол қалпында қалдыру ұсынылды. Мәселен, виртуальды ұғымын «ауани» сөзімен ауыстыру жөніндегі ұсынысты қатысушылардың ешқайсысы қолдаған жоқ. Сол сияқты, «презентация» сөзі талқылауға түсіп, ауызекі тілде қолданылып жүргенмен, ресми құжаттарда пайдалануға келмей тұрған тұсаукесер сөзінің орнына «таныстырылым» сөзі ұсынылды. Осылайша, білікті мамандардың қарауымен бекітілуі керек деп табылған терминдер заң құжаттарындағы бірізділікті қалыптастыруға сеп болатыны сөзсіз.

Құралай ОРАЗ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button