КӘСІПКЕРЛЕРГЕ – СЕРТИФИКАТ

Елбасының биылғы халыққа Жолдауында жұмысын жаңа бастаған кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, әдістемелік көмек беру жайы тағы да көрініс тапты.

 

Жуырда Жылыой ауданы кәсіпкерлік бөлімі мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» өңірлік филиалының ұйымдастыруымен «Бизнес кеңесші-II» жобасы бойынша «Шағын және орта бизнестегі маркетинг» тақырыбында семинар-тренинг өтіп, онда кәсіпкерлердің біліктілігін арттыру, несие алу және маркетинг туралы кең түсінік берілді. Бұл ретте, әсіресе, «Бизнес-Эксперт Консалтинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мамандары жоба мақсатының мәнін ашуда өз белсенділіктерін көрсете білді.

Семинар-тренингте жиырма бес адам кәсіпкерлік сертификатына ие болды. Жалпы бұлар және бұған дейін бизнес әлеміне жолдама алған 85 адам өткен жылы «Моноқалаларды дамытудың  2012-2020  жылдарға  арналған бағдарламасы» аясында арнайы кәсіпкерлікке оқытылған болатын.

Қаржау Оразбаев,

меншікті тілшіміз.

Жылыой ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз