Жарнама
Қоғам

Құрманғазыда егіздер шеруі өтті

Бұл туралы С.Көшекбаев аудандық мәдениет үйінің директоры Жалғас Сағындықов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл — аудан тарихындағы тек егіздердің қатысуымен өткен алғашқы іс-шара. Оларға көрсетілген құрмет те ерекше болды. Шеруге 48 егіз, 1 үшем барлығы 99 адам қатысты. Егіздер шеруде өз өнерлерін паш етті. Бірге би билеп, әуелетіп ән де шырқады.

-Шерудің басты мақсаты — егіздердің басын қосу арқылы тұрғындардың көп балалы болуға ниетін ояту, егіздермен танысу және олардың арасындағы достықты нығайту, деді Ж.Сағындықов.

Іс-шараны қорытындылаған аудандық мәдениет үйінің директоры Ж.Сағындықов іс-шараға қатысқан егіздерге Алғыс хат пен «Тамаша» ойын-сауық кешеніне сертификаттар мен тәттілер табыстады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button