Жарнама
Қоғам

КӘСІБІН ТАПҚАН нәсібін де табады

Бөлім басшысының орынбасары Қайырғали Ермекұлының айтуынша, кәдуілгі кәсіппен айналысу ісінің жақсаруына, сөз жоқ, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы ерекше серпін берді. Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 2013 жылы жоғары және орта оқу орындарының 150 түлегі жастар тәрбиесіне бағытталып, оның ішінде 38-і тұрақты жұмысқа орналасты. Мақсатты топтағы 176 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді, олардың ішінде де отыздан астамы қолдарынан келер кәсіптерін ұстап қала алды. Сонымен қатар, қайта даярлаудан өткен елу, біліктілігін арттыру курстарында оқытылған жиырма адамның қызмет көзін тапқандары аз емес.
Бағдарламаның екінші бағытының басты мақсаты – азаматтардың өз істерін ұйымдастыруға жәрдем көрсету арқылы олардың экономикалық белсенділігін арттыру. 2013 жылғы несиеге 75,0 млн. теңге бөлініп, ол қаржының негізінде 27 адамға несие берілді. Өткен кезеңде атаулы әлеуметтік көмек алушылар жеті отбасындағы отыз адамды қамтып, игерілген қаржы 1 млн. 244 мың теңге, он сегіз жасқа дейінгі балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы 752 отбасындағы 2143 балаға 27 млн. 595 мың теңге, сондай-ақ мүгедек балаларын үйден оқытатын және тәрбиелейтін 94 отбасына 4 млн. 29 мың теңге төленді. Сонымен қатар, тұрғын үй көмегі тағайындалған алпыс бір отбасыға төленген қаржы 500 мың теңге құрады.
Өткен жыл бөлім үшін бұдан да басқа іргелі шаралардың иінін табуда ізденіске толы болды десек, артық айтқандық емес.
Айталық, былтырғы жылдың басынан бері аудан бойынша 2213 жаңа жұмыс орны ашылды, оның 84 пайызы – тұрақты жұмыс орны. Осы кезеңде 46 мекеменің қатысуымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, 487 адам жұмысқа орналасты. Бұл шараға, әсіресе, «Хиллсон Дивижн», «Сенімді құрылыс», «ЮСС Супорт Сервисез», «Сапсан», «Каспий проджекс» компаниялары белсене атсалысты.
— Жалпы алғанда, 2013 жылдың он бір айында бөлімге жұмыс іздеуші ретінде 1553 адам тіркеліп, оның 1370-і тұрақты жұмысқа орналастырылды, бұл мекемеге тіркелгендердің 88 пайызын құрайды, — дейді бөлім бастығының орынбасары. – Бүгінде «ЮСС Супорт Сервисез», «Агропромтехника», «Ариадна», «Сичим», «Кентз Казахстан», «Сенімді құрылыс», Хиллсон Дивижн», басқа да бірқатар мекемелер тұрақты бос жұмыс орындарына сұраныс беруде.

Қаржау ОРАЗБАЕВ,
меншікті тілшіміз,
Жылыой ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button