Кәсібін немістің нанынан бастаған Ұлболсын
Бүгін кәсіпкер Ұлболсын Ерубаеваның жеке кәсібі туралы айтатын боламыз. Ол бизнеске немістің «Булки-Хауз» наубайханасының пісіру технологиясын мұқият зерттеу арқылы келген. Кейін уфалық серіктестерден франшиза алды. Осы саладағы білімді нығайту үшін ол башкор аспаздық шеберлерін Атырауға шақырып, олар өз кезегінде қызметкерлерді оқытып, немістің нан пісірудегі құпияларымен бөлісті.
Ұлболсын Ерубаева атап өткеніндей: «Менің кәсібім ғимаратты жалдаудан басталды, әрине өмірлік қиындықтар болды, менің бес жасар баламның церебральды сал ауруы маған әлсіз болуға мүмкіндік бермеді, тек еңбекқорлықтың арқасында, бүгін Атырауда екі жеке аспаздық дүкенім бар. Неміс нан пісіру технологиясын сақтау үшін мен осы күнге дейін Ресейден ингредиенттерді сатып алуды жалғастырамын, бұл Атырау облысының тұрғындары арасында сұранысты арттырып отыр».
Бүгінде «Риза» ЖК Атырау облысы тұрғындарын нан өнімдерінің 30 түрімен, тәтті және нәрлендіретін өнімдердің 100 түрімен қуантып отыр. Айта кету керек, пандемия мен карантин кезінде «Риза» ЖК компаниясы үзіліссіз режимде жұмыс жасап, аз қамтылған отбасыларға жаңа пісірілген тағамдарды ақысыз жеткізді.
Негiзгi құралдарды сатып алуға арналған «Риза» ЖК жобасы Атырау қаласында «Сбербанк» АҚ ЕБ-мен «БЖК-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 14 пайыздық жылдық мөлшерлемемен субсидиялауға ие болды, сыйақылау мөлшерлемесінен 6 пайызын кәсіпкер төлейді, айырмасы мемлекетпен субсидияланады. Қордың кепілдігі несие сомасынан 85 пайызды құрайды.
Адрес: Атырау қаласы, Азаттык даңғылы, 64/9.
Байланыс тел:87756546699.87780513111
Инстаграмм:bulki_house_atyrau