ҚАМҚОРЛЫҚ ҚАНАТ БІТІРЕДІ

Сайн ШОМИРОВ, облыстық аурухананың бас дәрігері.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының стратегиялық бағдарламасын халық әруақытта қолдап келеді. Бұл жолы да шын мәніндегі саясаткердің халық сеніміне толықтай ие болатынына ешкім күмән тудырған жоқ.

 

Президент өзімен қатар сайлауға түскен кандидаттардың да ұсынған бағдарламаларын өз жоспарына енгізетінін айтты. Қазақстан салған дамудың даңғыл жолы өзге мемлекеттерге де үлгі болуда. Сайлаудың белсенді де әділ, ашық негізде өткізілгендігін шетелдік сарапшылар да мойындауда. Өз Президентін сайлау арқылы Қазақ елі кемел келешегін, жарқын болашағын таңдады.

Дені сау ұрпақ – жарқын болашақтың негізі. Осыны ескерген біз, атыраулық дәрігерлер, еліміздің ашық аспан астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқанымызға шүкіршілік етеміз. Мемлекетіміздің әр азаматы салауатты өмір сүруі үшін заманауи медицинаның тізгінін ұстаған мамандар бар жағдайды жасауға тырысады. Осы орайда үкімет  тарапынан  көрсетіліп  жатқан  қамқорлық та шексіз. Ендеше, біз өзімізге жасалған қолдауға әрқашан іспен жауап береміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз