Қазақстандықтар такси қызметін аз қолданатын болған

Жаңалықтар

Қазақстандықтар такси қызметін аз қолданып, қоғамдық көліктермен көбірек жүре бастаған, деп хабарлайды Atr.kz energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

taxi

Салыстырмалы түрде автобустардың жолаушы тасымалдауы жылына 1,2%-ға артып, экологиялық троллейбустар өткен жылмен салыстырғанда 28,6%-ға артық жолаушы тасымалдаған.

2 айдың ішінде такси жүргізушілері 615 млн жолаушыны тасымалдапты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,7%-ға аз.

Статистика комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, әрбір еңбекке жарамды қазақстандық күн сайын орташа есеппен 1,2 рет такси қызметін қолданады екен.

Тасымалданған жолаушылар санының азаюына қарамастан, жолаушылар тасымалы бір жылдың ішінде 68%-ға артып, 11,4 млрд жолаушы-шақырымға дейін көбейген.

Алайда, жеке таксилер мен такси парктердің табысы бір жыл ішінде бірден 30,8%-ға төмендеп, аталған қызметтен түсетін табыс 175,8 млн теңгеге қысқарған.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз