Күш атасын танымас

Ақтау қаласында панкратион, грэпплинг және грэпплинг ги күресінен балалар, кадеттар және жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтті.

Жарыста 42 келі салмақ дәрежесінде төрт кездесу өткізіп, финалда ұпай саны бойынша қарсыласқа жол берген Тальха Хисмет күміс жүлдегер атанып, Азия чемпионатына жолдаманы еншіледі.

Он үш жасар Тальханың грепплинг күресімен айналысқанынан алты ай ғана уақыт өткен. Осы уақыт аралығында ол жарысқа дайындаған жеке бапкері Нұрлыбек Даралиев пен Атырау командасының аға бапкері Асқар Исағалиевтен алған тәлімін ел чемпионатында көрсете білді. Ең бірінші айқасында ол қарсыласын сегіз секундта қылғындыру әдісімен жеңіп, ең тез жеңіс көрсеткішіне қол жеткізді.

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз