ҚҰРМЕТТІ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ӨКІЛДЕРІ!
Қазақ елінің батыс бөлігіндегі геосаяси, экономикалық және стратегиялық маңызы зор Атырау қаласының кешегісі мен бүгінін жалпақ жұртқа жария ету, қол жеткізген табыстар мен ел өміріндегі оң өзгерістерді жаңа қырынан жазу жолындағы нәтижелі еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін!
Елбасы саясатын халыққа жеткізуші, айтар ойы салмақты, қалың оқырманы қалыптасқан, тарихы тереңде жатқан туған өлкеміздің шежіресін жасауға орасан зор еңбек сіңірген жергілікті басылымдарда ел зиялыларының бірнеше буын өкілдері еңбек етіп, ұрпақтар сабақтастығына, халық мұратына негізделген шығармашылық үрдіс қалыптастырғанын үлкен мақтаныш сезімімен айтқым келеді.
Әлем таныған тәуелсіз Қазақ елінің әлеуеті жоғары Атырау қаласының өсуінде, дамуында, көркеюінде Сіздер қосқан үлес қомақты. Сіздердің қаламдарыңыздан туған мақала, очерктер замана ағымымен үндесіп, қазіргі таңдағы Қазақ елінің жетістіктерін еселеу мен рухани байлығымызды молайтуға тың серпін беретініне кәміл сенемін!
Бүгінгі мереке күні қоғам өмірінде лайықты орнын алып, Атырау өңірінің ақпарат айдынын қалыптастыруға бір адамдай үлес қосып келетін барлық журналистер қауымына шығармашылық шабыт, еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Құрметпен, Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ.