ҚҰРМЕТТІ АРДАГЕРЛЕР!

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына дайындық жоспарына сәйкес, республикалық теледидар мен баспасөз беттерінде «Біздің жеңісіміз» атты жоба жүзеге аспақ. Онда 7 сериялы деректі фильмдер біздің тарихи ерлеріміз туралы сыр шертпек. Одан басқа, «Жеңістің мұрагерлері», «Жеңіс солдаттары» сияқты бірнеше бейнероликтер де көрсетіледі.

 

Осы материалдарды жасақтау үшін Сіздерден Ұлы Отан соғысы кезінде түсірілген ескі фотолар, жазылған мақалалар, естеліктер, естеріңізде қалған оқиғалар туралы мәліметтерді облыстық ардагерлер кеңесіне 10 күн ішінде жіберулеріңізді сұраймыз.
Даңқты Күләш Байсейітова, Роза Бағланова, Жамал Омарова, Бекен Жылысбаев және басқа да өнерпаздардың майдан шебінде орындаған әндері туралы естеліктер де өте құнды болар еді.

Біздің байланыс телефонымыз: 32-76-38.
Облыстық ардагерлер кеңесі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз