БІР ЕЛ – БІР ТАҒДЫР – БІР КӨШБАСШЫ

Француздың атақты философы Вольтер «Мемлекетті құтқару үшін бір ғана ұлы адам жеткілікті» деген қанатты сөз қалдырған екен. Соның айғағындай - небір тар жол, тайғақ кешулерде мың өліп, мың тірілген Қазақ елі бір ғана ұлы адамның арқасында тәуелсіздігін тұғырлы етті. Ол – Нұрсұлтан Назарбаев. Бүгінде оны біз ғана емес, бүкіл әлем мойындады.
Осыдан 22 жыл бұрын жер бетінде Қазақ деген елдің, ұлттың барын санаулы ғана мемлекеттер білетін еді. Ал, қазір ше? 22 жылда ғана Астанасын салып, шекарасын нықтаған, жүзден астам ұлысты айрандай ұйытып, бақытқа бөлеген, аузын айға білеген алыптардың өзін Ақордасына келтіріп, бас идірген беделді елді бұрын-соңды көрдіңіз бе?!

adfsdfsfs

Елбасының өз қолымен салған Астанасы Олимпиада, «EXPO-2017» көрмесі, басқа да халықаралық съездер мен форумдар өткізілетін, ұлы ойлар осы жерде тоғысатын Еуразиядағы ең сәулетті қалаға айналды. Бұл – бес ғасыр бойы бабалар аңсаған ұлы мұраттың іске асуы. Тәуелсіздік алған жылдары батыстың да, шығыстың да сәуегейлері «қазақ ел бола алмайды, оған экономикалық та, рухани да негіз жоқ» деп шуласты. Бірақ, ғасырлар бойы еркіндікке шөлдеген елдің ұланы егіншіліктен бастап космосқа дейінгі барлық мамандықты ұршықша үйірді. Сөйтіп, шыңыраудан шыңға шырқаған қыран қанатты ел әлемдегі ең озық елу елдің бірі атанды. Сөз жоқ, осының бәрі ұлтының Көшбасшысы, Елбасының ерен еңбегі арқасында жүзеге асты. Ал, болашақты болжаған Абыздың алдағы жылдарға жасаған жоспары бұдан да биік, бұдан да мәртебелі.
Халқымызда «Адамдар ақылдыға қарап ой түзейді, ажарлыға қарап бой түзейді» деген мақал бар. Міне, бүгін Қазақстан халқы сөйлесе – шешен, ойласа – көсем, ұлтына тірек, еліне жүрек болған Көшбасшысына қарап, бойын да, ойын да түзейді. Өйткені, Елбасы салған сара жол бізге ғана емес, бүкіл адамзатқа өнеге болатын ұлы жол!

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз