Қоғам
ҚҰНАРЛЫ ТІЛ КОМПЬЮТЕРГЕ ЖҰТЫЛЫП БАРАДЫ
Қазақ тілі – сөздік қоры мол, аса бай тіл. Аузы дуалы шешендер, би-болыстарды айтпағанның өзінде, кешқұрым мезгілде шам сәулесімен қисса-дастандарды нақышына келтіре оқып, ата-әжелерінің алғысын алған жас балалар да қара сөздің қадірін жете түсіне білген. Біз де өз кезегімізде «Абай жолын» жастанып, «Махаббат қызық мол жылдарды» жаттап оқыған жас болдық. Ал, қазір ше? Балаларымыз компьютер сынды темір жәшікке жұтылып бара жатқандай. «Қатарынан кем қалмасын» деген ата-анасы заманауи телефондарды алып беруге тырысады. Мейлі, болсын-ақ, дамысын. Тек қазақ тілін бұлайша қорлап, шұбарламасақ екен…
Жексен Елқонды, Қызылқоға ауданы.