Таңғалдырған қоқыс «ТАУЛАРЫ»…

  Қоршаған ортаның тазалығын сақтау – әр адамның міндеті. Ал, біз осы талапты қаншалықты орындап жүрміз?

  Жұмыскер ауылындағы Жастар және №21 көшелерімен жүріп өтсеңіз, қолқаны қапқан иістен тұншығып қалуыңыз ықтимал. Өйткені, тау болып үйілген қоқыстың қасымен жүру мүмкін емес. Топталып жүрген иесіз ит пен мысықтан да көз сүрінеді. Олар тұрғындардың тастаған тұрмыстық қалдықтарымен қоректеніп, қалғанын айналасына шашып кетеді.

  Таңданыс тудыратыны сол – жүз қадам жерде қоқыс салатын арнаулы жәшік тұр. Сонда адамдардың соған баруға де ерінгені ме?

 Әрине, бәріне топырақ шашудан аулақпыз. Әйтсе де, жұртшылық тұрған жерін таза сақтауға ұмтылса, төңірек тұрмыстық қалдықтармен бүлінбес еді ғой. Жалпы, тазалық мәселесіне әлі де селқостық танытып келеміз.

Бір көшенің адамдары күш біріктіріп, аптасына бір мәрте, тіпті екі рет айналасын жинастырып отырса болмас па? Тағы бір айтарым – жаңа салынған үйлердің төңірегіндегі егілген ағаштардың аздығы. Неге тұрғындар тал отырғызуға құлықсыз? Ол ауаны тазартып қана қоймай, көшеге де сән бермей ме?..

Дамир ЖАРЫЛҚАСЫН,

Атырау мемлекеттік университеті

журналистика бөлімінің 2 курс студенті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз