Жарнама
Қоғам

«КҮМІС АЛҚАМЕН» МАРАПАТТАЛДЫ

 

Салтанатты шарада Атырау қаласы әкімінің орынбасары Гүлмира Шәкірова аналарға төсбелгімен қатар, гүл шоғын, сондай-ақ, «Синопек Инжиниринг» компаниясының демеушілігімен дайындалған сыйды ұсынды. Еліміздің демографиялық жағдайын жақсартуға қосқан үлестері үшін нәзікжандыларға алғысын білдірген ол көп балалы аналарға қолдаудың қашанда жалғаса беретінін жеткізді.  

«Ұрпақ өсіру, оны жақсы азамат етіп тәрбиелеу – оңай іс емес. Осы жолда әйел-аналар бар күш-жігерін аямай келеді. Олардың қоғамдағы орны да ерекше» деген Атырау қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі Баянсұлу Тыныбаева «ел болашағының тұтқасын ұстар азаматтар көбейе бергей» деген тілегін жеткізді. Салтанатты шара барысында марапатқа ие болған аналар атынан сөз алған Жанаргүл Мақсымова көп балалы үйдің берекесінің де, ырысының да мол болатынын жеткізді. 

Осы жерде айта кеткен жөн, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, алты балалы ана «Күміс алқа» иесі бола алады. Ағымдағы жылдан бастап оларға мемлекет тарапынан ай сайын төленетін жәрдемақы  көлемі 11 мың теңгеге дейін артты.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА,
Суретті түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button